Шымкент қаласы білім басқармасының
«№58 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7252) 39-18-20
+7 (7252) 39-18-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Еңбегі адал — жас өрен» тақырыбы бойынша тренинг сабағы өтті.
10
февраль
2025

«Еңбегі адал — жас өрен» тақырыбы бойынша тренинг сабағы өтті.

№58 жалпы орта білім беру мектебінде 2025 жылдың 7 ақпан күні «Еңбегі адал — жас өрен» тақырыбы бойынша тренинг сабағы өтті. Қатысушылар: 9 сынып оқушылары. 

Тренингті өткізген: Кәсіби бағдар беру мұғалімі: Динабеков Али Айбекұлы.  Педагог-психолог: Абеданова Гулмира Бактыбаевна. 

Тренингтің негізгі мақсаты – оқушыларға еңбек құндылықтарын, адал еңбек пен өз жолын табу маңыздылығын түсіндіру. Жасөспірімдерге жұмысқа орналасу, дұрыс мамандық таңдаудағы маңызды факторлар туралы ақпарат беру.

Тренингтің тақырыбы мен мақсаты таныстырылды. Оқушыларға адал еңбек пен еңбекқорлықтың қоғамдағы рөлі жайлы түсіндірілді. Тренинг нәтижесінде оқушылар еңбек құндылықтары мен өз мамандығын таңдау туралы маңызды түсініктер алды. Олар өздеріне қажетті ақпарат пен кеңестерді алып, сондай-ақ болашақта еңбек жолында кездесетін қиындықтар мен жетістіктер туралы ойлануға мүмкіндік алды.

Тренинг соңында оқушылардың арасында сұрақ-жауаптар, қызықты жаттығулар жүргізілді. Олар тренингтің пайдалы болғанын, ақпараттың түсінікті және қызықты берілгенін атап өтті. Барлық оқушылар белсенді түрде қатысып, эмоционалды тұрғыдан да пайдалы болды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив