Шымкент қаласы білім басқармасының
«№58 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7252) 39-18-20
+7 (7252) 39-18-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Жас Талант" шығармашылық өнер конкурсы туралы ақпарат
24
февраль
2025

"Жас Талант" шығармашылық өнер конкурсы туралы ақпарат

№58 жалпы орта білім беретін мектебінде 11.02.2025ж 11-сынып оқушыларына М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде өтетін "Жас Талант" шығармашылық өнер конкурсы туралы ақпарат берілді.

✅ Конкурсқа қатысудың маңыздылығы мен болашаққа берер мүмкіндіктері түсіндірілді.
✅ Жеңімпаздарға берілетін гранттық жеңілдіктер мен дипломдар туралы айтылды.
✅ Дарындылық пен еңбектің жетістікке жетелейтіні жайлы мотивациялық сөздер айтылып, оқушыларға өз мүмкіндіктерін жіберіп алмауға кеңес берілді.
✅ Оқушылардың сұрақтарына жауап беріліп, оларды жігерлендіру мақсатында тәжірибелі мамандардың жетістік тарихтарынан мысалдар келтірілді.

Кәсіби бағдар беру мұғалімі Динабеков Али Айбекұлы оқушыларға конкурстың шарттары мен мүмкіндіктерін түсіндіріп, сұрақтарға жауап берді. Оқушыларға конкурсқа қатысу тәртібі егжей-тегжейлі түсіндірілді. Қатысуға ниеттілер тіркелу туралы ақпаратпен танысты. Кәсіби бағдар беру мұғалімі оқушыларға сенім білдіріп, олардың таланттары мен еңбектерінің лайықты бағаланатынын жеткізді!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив