21
октябрь
2025
N58 мектепте бастауыш сыныптар бойынша онкүндік аясында ерекше шара – «Алтын қалам» атты үлгілі дәптерлер көрмесі өтті.
«Алтын қалам» — ұқыптылық пен әдемі жазудың мерекесі! ✨📚
N58 мектепте бастауыш сыныптар бойынша онкүндік аясында ерекше шара – «Алтын қалам» атты үлгілі дәптерлер көрмесі өтті. Бұл көрме оқушылардың жазу мәдениетін дамытуға, ұқыптылық пен сауаттылыққа баулуға бағытталды.
Көрмеге әр сыныптан үздік дәптерлер қойылып, балалардың ұқыптылығы мен талпынысы көз қуантты. Әр дәптер – баланың еңбегі мен ізденісінің көрінісі, білімге деген ынтасының айғағы болды.
Бұл көрме жас ұрпаққа жазу мәдениетін дәріптеп, ұқыптылыққа, талғампаздыққа және еңбексүйгіштікке тәрбиелеуде үлкен маңызға ие болды.
🖋 «Алтын қалам» — әрбір оқушының білімге деген сүйіспеншілігі мен талпынысын паш еткен жарқын шара!