Шымкент қаласы білім басқармасының
«№58 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7252) 39-18-20
+7 (7252) 39-18-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 7-сынып оқушылары арасында "Quiz Day" атты ағылшын тілінен командалық жарыс ұйымдастырылды. Іс-шара интерактивті цифрлық платформалар арқылы өтті.
03
декабрь
2025

7-сынып оқушылары арасында "Quiz Day" атты ағылшын тілінен командалық жарыс ұйымдастырылды. Іс-шара интерактивті цифрлық платформалар арқылы өтті.

№ 58 жалпы орта білім беретін мектебінде ағылшын тілі онкүндігі  аясында 25.11.2025 күні ағылшын тілі пәні мұғалімдері -Жұмабекова Гүлбану, Мелдебекова Ұлбосын  7-сынып оқушылары арасында "Quiz Day" атты ағылшын тілінен командалық жарыс ұйымдастырылды. Іс-шара интерактивті цифрлық платформалар арқылы өтті. Бұл сайыс оқушылардың ағылшын тілі бойынша білімдерін тексеріп қана қоймай, командалық жұмыс, жылдам ойлау, шешім қабылдау дағдыларын дамытуға бағытталды.
Оқушылар 3–4 адамнан құралған топтарға бөлініп, грамматика, лексика, тыңдалым және мәдениет тақырыптарын қамтыған сұрақтарға жауап берді. Қатысушылар белсенділік танытып, бір-бірімен бәсекелесе отырып, қызықты әрі пайдалы тәжірибе алды.
Сайыс қорытындысы бойынша жоғары ұпай жинаған командалар марапатталып, қатысушыларға сертификаттар табысталды 






Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив