10
декабрь
2025
Ағылшын тілі апталығы
N58 жалпы орта білім беретін мектебінің жоспарға сәйкес, ағылшын тілі апталығының кезекті ашық сабағын ағылшын тілі пәні мұғалімі- Сейтбекова Динара Қалдыбековна 2025 жылы желтоқсан айының 05 күні 5 Д сынып оқушыларымен "Job qualities" тақырыбында өтті.
Ашық сабақтың мақсаты – оқушыларды әр түрлі мамандықтардың ерекшеліктерімен таныстыру және сол мамандықтарға қажетті жеке қасиеттерді (job qualities) сипаттай білуге үйрету. Сабақ барысында оқушылар жаңа сөздермен танысып, жұптық және топтық жұмыс арқылы сөздік қорын байытты.
Сабақта қолданылған белсенді әдіс-тәсілдер:
- «Ойлан – Жұптас – Бөліс» стратегиясы
- Суреттер арқылы сөздерді болжау
Сабақ оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытуға, өз ойын ағылшын тілінде еркін жеткізуге және топпен жұмыс істеу дағдыларын нығайтуға бағытталды. Сабақта оқушылар белсенді қатысып, жоғары қызығушылық танытты.