Шымкент қаласы білім басқармасының
«№58 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7252) 39-18-20
+7 (7252) 39-18-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №58 жалпы орта білім беретін мектепте 2025 жылдың 26 желтоқсанында «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында Бегімбетова Раушан Махсұтқызының бастамасымен мектеп кітапханасында әсерлі кітап талқылау отырысы өтті
08
январь
2026

№58 жалпы орта білім беретін мектепте 2025 жылдың 26 желтоқсанында «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында Бегімбетова Раушан Махсұтқызының бастамасымен мектеп кітапханасында әсерлі кітап талқылау отырысы өтті

№58 жалпы орта білім беретін мектепте 2025 жылдың 26 желтоқсанында «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында Бегімбетова Раушан Махсұтқызының бастамасымен мектеп кітапханасында әсерлі кітап талқылау отырысы өтті. Жиынға химия-биология және тарих-география пәндерінің мұғалімдері қатысып, оқыған кітаптары туралы өз ой-пікірлерін ортаға салды.  

Шара барысында Абдырова Акмарал «Атом әдеттері» атты мотивациялық кітаптың адам өміріндегі ұсақ әдеттердің үлкен өзгерістерге апаратынын нақты мысалдармен баяндап, кітаптан алған әсерімен бөлісті. Ол бұл туындының оқырманға өзін-өзі дамытуға, тәртіпке, мақсатқа ұмтылуға көмектесетінін атап өтті.  

Сондай-ақ, Бекбауова Жазира  мен Айтжанова Гүлжан , Балабекова Индира апайлар да оқыған кітаптарынан түйген ойларымен бөлісіп, мұндай жобалардың маңыздылығын атап өтті.  

Кездесу жылы жүздесуге, еркін пікір алмасуға, ұстаздар арасындағы рухани байланысты нығайтуға себеп болды. Мұндай бастамалар кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға оң ықпал ететіні сөзсіз.





Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив