Шымкент қаласы білім басқармасының
«№58 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7252) 39-18-20
+7 (7252) 39-18-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №58 жалпы орта білім беретін мектепте 2026 жылдың 20–30 қаңтар аралығында «Цифрлық әлемге сенімді қадам» тақырыбында онкүндік іс-шара өткізілуде
04
февраль
2026

№58 жалпы орта білім беретін мектепте 2026 жылдың 20–30 қаңтар аралығында «Цифрлық әлемге сенімді қадам» тақырыбында онкүндік іс-шара өткізілуде

№58 жалпы орта білім беретін мектепте 2026 жылдың 20–30 қаңтар аралығында «Цифрлық әлемге сенімді қадам» тақырыбында онкүндік іс-шара өткізілуде.Онкүндіктің жоспарына сәйкес, информатика пәнінің мұғалімі Тулгабаева Жанагуль Булегеновна “Жас өнертапқыштар” тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты:
Оқушылардың робототехникаға қызығушылығын арттыру, техникалық және инженерлік ойлау қабілеттерін дамыту, цифрлық технологияларды практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық белсенділік пен командалық жұмыс жасау мәдениетін дамыту.
Онкүндік аясында оқушылардың техникалық шығармашылығын, логикалық ойлауын және заманауи цифрлық дағдыларын дамыту мақсатында «Жас өнертапқыштар» атты робототехникадан  сайыс ұйымдастырылып,
 6 -сынып оқушылары керемет нәтиже көрсетті.
Аталған сайысқа білім алушылар белсене қатысып, өздері құрастырған роботтық жобаларын 2- сынып оқушыларына таныстырды. Қатысушылар роботтардың жұмыс істеу принципін түсіндіріп, олардың практикалық мүмкіндіктерін көрсетті. Іс-шара оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, инженерлік ойлауын дамытуға ықпал етті.Сайысқа қатысқан оқушылар роботтық құрылғыларды өз бетімен құрастырып, бағдарламалау және басқару дағдыларын көрсетті.
 Аталған іс-шара білім алушылардың шығармашылық әлеуетін арттыруға, техникалық және цифрлық құзыреттіліктерін дамытуға бағытталды. 





Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив