01
июнь
2026
№58 жалпы орта білім беретін мектепте «Математика мен физика – нақты ойдың тілі» атты онкүндік аясында жоспарға сәйкес , 2026 жылдың 21 сәуір күні 7-сынып оқушылары арасында «Жас физиктер» атты танымдық сайыс өткізілді.
№58 жалпы орта білім беретін мектепте «Математика мен физика – нақты ойдың тілі» атты онкүндік аясында жоспарға сәйкес ,
2026 жылдың 21 сәуір күні 7-сынып оқушылары арасында «Жас физиктер» атты танымдық сайыс өткізілді.
Аталған сайысты физика пәні мұғалімдері Муратова А., Исаева М., Серікұлы Н. ұйымдастырды. Сайыстың негізгі мақсаты – оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, білімдерін тереңдету және шығармашылық белсенділіктерін қалыптастыру.
Сайыс барысында оқушылар бірнеше кезең бойынша бақ сынасты. Атап айтқанда, физика пәніне байланысты жұмбақтарды шешу, формула жазу, құралдардың жұмыс жасау принципі түсіндіру және логикалық тапсырмалар шешу кезеңдері қамтылды. Оқушылар белсенділік танытып, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсете білді.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылар үшін қызықты әрі пайдалы өтті. Нәтижесінде үздік қатысушылар анықталып, марапатталды.