2-сынып оқушылары арасында мектепішілік ғылыми жоба конкурсы
№58 жалпы орта білім беретін мектебінде 2-сынып оқушылары арасында мектепішілік ғылыми жоба конкурсы(пән апталығы кезінде) ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушылардың ізденімпаздық, зерттеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамыту; ата-ана, мұғалім және оқушы арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыра отырып, білім сапасын арттыру. Мектепішілік ғылыми жоба конкурсына 2-сыныптардан 9 оқушы қатысты, әрбір оқушы өз жұмысын шығармашылықпен қорғап шықты.