03
март
2025
Математика бірлестігінің ұйымдастыруымен «XXI ғасыр мектебі және оның мұғалімі,оқушы бойында қалыптастыратын қажет дағдылар» тақырыбында семинар өткізілді
21.02.25ж №58 жалпы орта білім беретін мектебінде математика бірлестігінің ұйымдастыруымен «XXI ғасыр мектебі және оның мұғалімі,оқушы бойында қалыптастыратын қажет дағдылар» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар барысында" XXI ғасыр мұғалімі білім беру саласында оқушылардың пәнге қызығушылықтарын, білім сапасын арттыру мақсатында ЖИ негізіндегі платформаларды және түрлі әдіс -тәсілдерді тиімді пайдаланудың жолдары мен мүмкіндіктері кеңінен талқыланды.
Раймбекова Қаламқас тыңдаушыларды оқушылардың білім сапасы мен пәнге қызығушылықтарын арттыру максатында бірнеше әдіс тәсілдер WI-FI,Тайм РаундРобин Тимбилдинг әдістерімен таныстырды.
Семинардың келесі кезеңінде Сейсенбек Гулназ жасанды интеллект негізіндегі бірнеше платформалар туралы айтып өтті. KS.learning,mozaik 3d,learningapps,desmos,ziteboard.com
Бұл платформалар білім алушыларға оқу процесін тиімді ету үшін жасанды интеллекттің қуатын пайдалану мүмкіндігін береді. Бұл платформалар мұғалімдер мен оқушылардың өзара әрекеттесуін жеңілдетіп, оқу процесін басқаруды оңайлатады. Семинар барысында Шәрибаева Акбилек қызықты тренинг өткізіп; мұғалімдерді сергітіп алды.Ауезова Камила,Периева Эльнара кофебрейк ұйымдастырып, керемет көңіл күй сыйлады. Жалпы, семинар барысында XXI ғасыр мұғалімі жан -жақты дамыған, білімді,саналы оқушы тәрбиелеп шығару және жасанды интеллекттің білім беру саласындағы әртүрлі пайдалы платформалары мен құралдары ұсынылып, оларды қолдану тәсілдері мен артықшылықтары туралы кеңінен айтылды.