Шымкент қаласы білім басқармасының
«№58 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7252) 39-18-20
+7 (7252) 39-18-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2026 жылдың 04 наурыз күні №58 жалпы орта білім беретін мектебінде «Пәндерді оқытуда ұлттық құндылықтарға негізделген заманауи әдіс-тәсілдер» тақырыбында қалалық семинар өтті.
20
апрель
2026

2026 жылдың 04 наурыз күні №58 жалпы орта білім беретін мектебінде «Пәндерді оқытуда ұлттық құндылықтарға негізделген заманауи әдіс-тәсілдер» тақырыбында қалалық семинар өтті.

2026 жылдың 04 наурыз күні №58 жалпы орта білім беретін мектебінде «Пәндерді оқытуда ұлттық құндылықтарға негізделген заманауи әдіс-тәсілдер» тақырыбында қалалық семинар өтті. 
Семинардың мақсаты: Жаратылыстану және қоғамдық бағытындағы пәндерді оқытуда ұлттық құндылықтарға негізделе отырып, жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мен заманауи білім беру тәсілдерін тәжірибеге енгізу жолдары қарастыру.
Семинар аясында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы Расима Александровна Еникеева 8 «Ә» сыныбында «If only I were there... Travelling through wishes» тақырыбында ашық сабақ өткізді
 Сабақ барысында  жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын тиімді пайдалану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мен заманауи білім беру технологияларын тәжірибеге енгізу жолдары көрсетілді. Педагог сабақтың әр кезеңінде ұлттық тәрбие элементтерін ағылшын тілімен шебер ұштастырды. Оқушылардың грамматикалық дағдылары ғана емес, сонымен қатар олардың функционалдық және мәдени сауаттылығы заманауи тәсілдер мен ұлттық кодты сақтау арқылы дамытылды. Сабақ әріптестер арасында жоғары бағаға ие болды. Мұғалімдер оқушылардың әлемдік мәдениет пен салт-дәстүрлер туралы білімдерін ортаға салып, оны өз еліміздің құндылықтарымен салыстыра алу дағдысын (critical thinking) ерекше атап өтті. Педагог-сарапшы
 Р.А. Еникееваның сабағы заманауи білім берудің жаңа форматын көрсетті. Мұғалімнің жасанды интеллектті қолданудағы кәсіби шеберлігі және оны ұлттық тәрбиемен ұштастыруы — бүгінгі таңдағы білім берудің негізгі трендтеріне толық сай келеді. Оқушылардың еркін сөйлеуі мен белсенділігі сабақтың жоғары деңгейде өткенінің айқын дәлелі.





Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив