Шымкент қаласы білім басқармасының
«№58 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7252) 39-18-20
+7 (7252) 39-18-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ыстық тамақпен қамтылған оқушылар және асхана кестесі
17
октябрь
2025

Ыстық тамақпен қамтылған оқушылар және асхана кестесі

№58 жалпы орта білім беретін мектепте оқушылардың денсаулығын сақтау және сапалы тамақтануын қамтамасыз ету мақсатында күнделікті ыстық тамақ ұйымдастырылған. Мектеп асханасында санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жағдай жасалған, мәзір баланың жас ерекшелігіне және тамақтану нормаларына сәйкес әзірленеді.

Әлеуметтік осал санаттағы және аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушылар тегін ыстық тамақпен қамтылған. Бұл бағытта мектеп әкімшілігі мен ата-аналар комитеті бірлесе жұмыс атқарып, оқушылардың толыққанды әрі пайдалы тағаммен қамтамасыз етілуін бақылауда ұстайды.

Ыстық тамақтың сапасы мен тағамдардың калориялық құрамы тұрақты түрде тексеріліп отырады. Мұның барлығы – оқушылардың мектепте жақсы көңіл күймен, белсенді әрі салауатты жағдайда білім алуына мүмкіндік береді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив