Школа №1
Телефоны приемной:
(8723) 49-31-08
(8707) 582-77-22
Версия для
слабовидящих
» » Төтенше жағдайларды алдын -алу шаралары
07
март
2022

Төтенше жағдайларды алдын -алу шаралары

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты N58 жалпы білім беретін орта мектебінде ағымдағы жылдың 10 ақпан күні мектептің 10-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізілді. Кездесуге Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Кадр саясаты басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау капитаны Н. Бостанбек, Қаратау ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының офицері, аға лейтенант М. Мухамедов қатысты. Оқушыларға Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында түрлі келеңсіз оқиғаларды болдыртпау жолдарына тоқталып, үнемі сақтықта болуға шақырды. Мектепте, жолда, үйде барынша сақтық шараларын жүргізіп, ұқыпты болуды тапсырды. 
Сондай-ақ, қонақтар биыл  ұлт ұстазы - Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай өткізіліп жатқан 8 А сыныбының ашық сабағына қатысып, қонақ ретінде сұрақ-жауаптармен өрілген сабақтың куәсі болды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі И. Рысбаева ақынның өмір жолына тоқталып, мол мағлұматтар берді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив