04
декабрь
2025
Кітап оқитын ұлттың жүрегі – Абай даналығы.

📚 “Кітап оқитын ұлт” жобасы аясындағы тағылымы терең әдеби кеш
Бүгін Саттар Ерубаев атындағы №24 ІТ мектеп-лицейінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Түктібаева Ұлжан Ақтілеуқызының ұйымдастыруымен 6-сынып оқушыларымен “Абайды оқы, таңырқа” атты тағылымды әдеби кеш өтті.
Кештің негізгі мақсаты – қазақтың ұлы ойшылы, хәкім Абай Құнанбайұлының мол мұрасын кеңінен дәріптеу, оқушылардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын арттыру, рухани құндылықтарды бойына сіңіру.
Шара барысында оқушылар Абайдың жауһар жырларын жатқа айтып, қара сөздерінен үзінділер оқыды. Даналыққа толы ойларын талдап, кемеңгер ақынның өмір жолы мен шығармашылығына терең саяхат жасады. Көрнекті туынды “Желсіз түнде жарық ай” өлеңін нақышына келтіре жанды дауыста орындап, бала Абайдың өмірінен сахналық көрініс көрсетті.
Әдеби кеш жас ұрпақтың көркем сөзге, ұлттық рух пен тәрбиеге жақын болуына ықпал етіп, оқырмандық мәдениетті қалыптастыруға зор үлес қосты.
📖 Абайды оқы – ойыңды оят, Абайды таны – бағытыңды тап!