Шымкент қаласы білім басқармасының
«№58 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7252) 39-18-20
+7 (7252) 39-18-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Шымкент қаласы Бәйдібек би алаңында Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына және "Отбасы күні" мерекесіне орай "Абай әлемі-отбасы құндылығының темірқазығы"тақырыбында іс-шара өткізілді.
16
май
2025

Шымкент қаласы Бәйдібек би алаңында Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына және "Отбасы күні" мерекесіне орай "Абай әлемі-отбасы құндылығының темірқазығы"тақырыбында іс-шара өткізілді.

N58 жалпы орта білім беретін мектептің ұйымдастыруымен Шымкент қаласы  Бәйдібек би алаңында Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына және "Отбасы күні" мерекесіне орай "Абай әлемі-отбасы құндылығының темірқазығы"тақырыбында іс-шара өткізілді.
Бағдарламада "Адам бол!"идеясы негізінде ауылдарға саяхат
Құнанбай ауылы: Аталар мен әжелер,ұстаздар,оқушылар-үштік одақ жұмысы бойынша Абайдың "Толық адам" концепциясын талдады.
Абай ауылында Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" роман-эпопеясы"Қайтқанда" бөлімінен сахналық қойылым қойылды
Абай ауылының бейнесі :ұршық иіру,жүн түту,сабау сабау,самаурын қайнатып,құрт жасау, күбі пісу,келі түю ұлттық құндылықтар көрініс тапты.
Шәкерім ауылында "Абай әлемінің жауһарлары" атты ақын шығармалары негізінде кітап көрмесі,
"Менің отбасым Абай өсиетін ұстанады"тақырыбында суреттер көрмесі,"Ойын -өмір айнасы, тәрбие құралы"ұлттық асық,тоғызқұмалақ,ханталапай ойындарын оқушылар ойнады.
Оқушылар мен мұғалімдер Ұлы Абайдың өлеңдері мен қарасөздерін жатқа оқып,Абай әндерін нақышына келтіре шырқады.
[media=https://youtube.com/shorts/frY3vJNBHro]
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив