Шымкент қаласы білім басқармасының
«№58 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7252) 39-18-20
+7 (7252) 39-18-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №58 жалпы орта білім беретін мектебінде «Кітап оқитын педагог» жобасы аясында желтоқсан-қаңтар айларына жоспарланған туындыларды талқылау жалғасуда.
08
январь
2026

№58 жалпы орта білім беретін мектебінде «Кітап оқитын педагог» жобасы аясында желтоқсан-қаңтар айларына жоспарланған туындыларды талқылау жалғасуда.

№58 жалпы орта білім беретін мектебінде  «Кітап оқитын педагог» жобасы аясында желтоқсан-қаңтар айларына жоспарланған туындыларды талқылау жалғасуда.
Орыс тілі мен әдебиеті және Дене шынықтыру бірлестіктерінің ұстаздары кезекті талқылау алаңында бас қосты.
Талқылау орталығында төрт бірдей құнды еңбек болды:
1. Б. Соқпақбаев «Балалық шаққа саяхат» – балалықтың шынайы бейнесі мен сағынышы.
2. Шәкәрім «Үш анық» – ар-ұждан мен жан тазалығының философиясы.
3. В. Сухомлинский «Балаға жүрек жылуы» – педагогиканың алтын діңгегі.
4. Ұ. Нұрғалымұлы «Дайағашшы» – ұлттық рух пен дәстүрдің жаңғыруы.
🗣 Талқылау барысында:
Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Сухомлинский мен Шәкәрім шығармаларындағы гуманистік тәрбиенің ұқсастығын сараласа, дене шынықтыру мұғалімдері «Дайағашшы» хикаятындағы ерлік, төзімділік және атбегілік өнердің тәрбиелік мәніне тоқталды.
Бұл кездесу ұстаздардың кәсіби біліктілігін ғана емес, рухани болмысын да байыта түсті. 







Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив