16
февраль
2026
«Биохимия әлемі: тіршілік пен заттар сырын ашу» тақырыбында химия – биология пәндері онкүндігі ұйымдастырылды. Аталған онкүндік аясында 10.02.2026ж 8-сынып оқушылары арасында «Жас химиктер» интеллектуалды сайысы өткізілді.
№58 жалпы орта білім беретін мектебінде «Биохимия әлемі: тіршілік пен заттар сырын ашу» тақырыбында химия – биология пәндері онкүндігі ұйымдастырылды. Аталған онкүндік аясында 10.02.2026ж 8-сынып оқушылары арасында «Жас химиктер» интеллектуалды сайысы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың химия пәніне қызығушылығын арттыру, теориялық білімдерін тереңдету, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту және тәжірибелік дағдыларын жетілдіру.
Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды. «Бәйге» кезеңінде қатысушылар химия пәнінің негізгі сұрақтарына жылдам жауап беріп, білім деңгейін көрсетті. «Сергіту сұрақтары» бөлімінде химиялық элементтердің қасиеттерін анықтады. «Ойлы болсаң, озып көр» кезеңінде түрлі тақырыптар бойынша күрделілігі әртүрлі тапсырмаларды орындап, өзара пікір алмасып, ғылыми ойлау қабілеттерін танытты.
Шешуші «Теориядан тәжірибеге» кезеңінде оқушылар «Отсыз түтін», «Алақандағы от», «Жанартау атқылауы» тәжірибелерін бақылап, химиялық реакция белгілерін анықтап, ғылыми қорытынды жасады.
Қорытындылай келе ,оқушылар химиялық құбылыстардың өмірмен тығыз байланысын түсініп, пәнге деген қызығушылықтары артып, белсенділік танытқан оқушылар марапатталды. Сайыс нәтижесі бойынша: 1– орын 8 «Г» сыныбы, 2–орын 8 «Д» сыныбы, 3 –орын 8 «Е» сыныбы "жеңімпаз "деп танылды.