Шымкент қаласы білім басқармасының
«№58 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7252) 39-18-20
+7 (7252) 39-18-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №58 жалпы орта білім беретін мектебінде “Биохимия әлемі: тіршілік пен заттар сырын ашу” тақырыбында химия-биология пәндері онкүндігі ұйымдастырылды
25
февраль
2026

№58 жалпы орта білім беретін мектебінде “Биохимия әлемі: тіршілік пен заттар сырын ашу” тақырыбында химия-биология пәндері онкүндігі ұйымдастырылды

№58 жалпы орта білім беретін мектебінде “Биохимия әлемі: тіршілік пен заттар сырын ашу” тақырыбында химия-биология пәндері онкүндігі ұйымдастырылды. Аталған онкүндік аясында 19.02.2026ж, 6”А” сынып оқушылары арасында  «Биология әлеміне саяхат» –интеллектуалды танымдық сайыс сабағы  өткізілді. Оқушылардың биология пәні бойынша білімдерін тереңдетуге, ой-өрісін кеңейтуге және танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған интеллектуалды сайыс сабақ. Бұл шара барысында қатысушылар тірі ағзалар дүниесі, өсімдіктер мен жануарлар әлемі, адам анатомиясы, экология және жалпы биологиялық заңдылықтар туралы білімдерін сынға салады.
Сайыс түрлі кезеңдерден тұрады:
сұрақ-жауап бөлімі;
логикалық тапсырмалар;
терминдерді сәйкестендіру;
суретпен жұмыс;
тәжірибелік немесе жағдаяттық тапсырмалар.
Сабақтың мақсаты – оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін дамыту. Сонымен қатар, топпен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру және өз білімін еркін жеткізе білуге баулу.
Бұл сайыс сабақ білімді бекітуге, қайталауға және оқушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив