25
февраль
2026
№58 жалпы орта білім беретін мектебінде “Биохимия әлемі: тіршілік пен заттар сырын ашу” тақырыбында химия-биология пәндері онкүндігі ұйымдастырылды
№58 жалпы орта білім беретін мектебінде “Биохимия әлемі: тіршілік пен заттар сырын ашу” тақырыбында химия-биология пәндері онкүндігі ұйымдастырылды. Аталған онкүндік аясында 18.02.2026ж, 8”Ә” сынып оқушылары арасында “Тәжірбиелер арқылы химияны тану” сабағы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты- оқушылардың химия пәніне қызығушылығын арттыру, теориялық білімдерін практикада қолдану, ғылыми дүниетанымын қалыптастырып дамыту, тәжірбиелік дағдыларын жетілдіру.
Зертханалық жұмыс жасау барысында – оқушылардың химиялық білімді тек теория жүзінде емес, практикалық жұмыстар мен зертханалық тәжірибелер арқылы меңгеруін білдіретін оқыту тәсілі. Бұл әдіс арқылы оқушы заттардың қасиеттерін, химиялық реакциялардың жүру жағдайларын, құбылыстардың себеп-салдарын өз көзімен көріп, қолымен жасап түсінеді.
Тәжірибе барысында оқушылар бақылау жасайды, салыстырады, қорытынды шығарады және ғылыми тұжырым жасайды. Мұндай жұмыс олардың логикалық ойлауын, зерттеушілік қабілетін, жауапкершілігін дамытады. Сонымен қатар қауіпсіздік ережелерін сақтауды үйренеді.
Химияны тәжірибе арқылы оқыту – пәнге қызығушылықты арттырып, білімнің өмірмен байланысын көрсететін тиімді әдіс. Себебі оқушы тек формуланы жаттамай, оның іс жүзіндегі нәтижесін көреді.
Қорытынды:
Тәжірибе – химия ғылымының негізі. Тәжірибе арқылы алынған білім есте жақсы сақталады және оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырады. Сондықтан химия сабағында зертханалық жұмыстар мен тәжірибелер маңызды орын алады.