25
февраль
2026
N58 жалпы орта білім беретін мектепте «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында ұстаздар арасында рухани-танымдық маңызы зор бірнеше кітаптар бойынша “ Ұстаз бақыты”, «Алаңсыз өмір сүру құпиялары» кітаптары талқыланды.

. Аталған іс-шараға тарих-география бірлестігі мен химия-биология бірлестігінің педагогтері белсенді түрде қатысып, кітап мазмұнына терең талдау жасады.
Талқылау барысында ұстаздар кітаптағы өмірлік құндылықтар, адамгершілік, сабырлылық пен саналы өмір сүру қағидалары жайында өз ойларын ортаға салды. Әсіресе, Анарбек Эсмира, Айтжанова Гулжан, Абдырова Акмарал, Курымбаева Гулнара, Бухашева Молдір кітаптан алған әсерлерімен бөлісіп, шығарманың тәрбиелік мәніне ерекше тоқталды. Олар туындының әр адамға ой салатынын, өмірге деген көзқарасты жаңаша қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.
Пікір алмасу өте мазмұнды әрі әсерлі өтті. Әріптестер өзара еркін форматта сөйлесіп, кітаптағы негізгі идеяларды талдап, тәжірибелерімен байланыстырды. Мұндай кездесулер педагогтердің рухани дамуына, кәсіби шеберлігін арттыруға және ұжымдық ынтымақтастықты нығайтуға үлкен септігін тигізеді.
«Кітап оқитын ұлт» жобасы – ұстаздардың үздіксіз ізденісіне, кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама екені тағы бір мәрте дәлелденді