Шымкент қаласы білім басқармасының
«№58 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7252) 39-18-20
+7 (7252) 39-18-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №58 жалпы орта білім беретін мектебінде «Математика және физика нақты ойдың кілті» тақырыбында математика – физика пәндері онкүндігі ұйымдастырылды.
21
апрель
2026

№58 жалпы орта білім беретін мектебінде «Математика және физика нақты ойдың кілті» тақырыбында математика – физика пәндері онкүндігі ұйымдастырылды.

№58 жалпы орта білім беретін мектебінде «Математика және физика  нақты ойдың кілті» тақырыбында математика – физика пәндері онкүндігі ұйымдастырылды.   
Онкүндік аясында 15.04.2026ж 5-сыныптар арасында  "Сандар әлеміне саяхат" тақырыбында сайыс сабағы өткізілді. 
Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды. «Сиқырлы сандар» кезеңінде оқушылар логикалық есептер мен ребустарды шешіп,білім деңгейлерін көрсете білді. «Кім жылдам» кезеңінде  мәтін есептерді дұрыс әрі жылдам  орындады. Сайыс жоғары деңгейде өтті.Оқушылар сандар әлеміне  қызығушылық танытып, математиканың  күнделікті өмірдегі маңызын  түсінді.Белсенділік танытқан оқушылар марапатталды. Сайыс нәтижесі бойынша:  
 1– орын  «Сандар» тобы 
2–орын "Бөлшектер"тобы,  
3 –орын "Ондық бөлшектер"  тобы жеңімпаз  болды. 
Пән мұғалімдері: Ауезова К, Серікбай М, Раймбекова Қ




Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив