Шымкент қаласы білім басқармасының
«№58 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7252) 39-18-20
+7 (7252) 39-18-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №58 жалпы орта білім беретін мектепте "Математика мен физика - нақты ойдың тілі" онкүндігі өткізілуде
21
апрель
2026

№58 жалпы орта білім беретін мектепте "Математика мен физика - нақты ойдың тілі" онкүндігі өткізілуде

№58 жалпы орта білім беретін мектепте "Математика мен физика - нақты ойдың тілі" онкүндігі өткізілуде. Онкүндіктің жоспарына сәйкес, 17 сәуір күні физика пән мұғалімдері Муратова А., Исаева М., Серікұлы Н. 12 сәуір – Ғарышкерлер күніне орай, 7–10 сынып оқушылары арасында «Физика және ғарыш әлемі» атты шығармашылық көрме өткізді. Көрменің негізгі мақсаты – оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығын арттыру, ғарыш тақырыбындағы білімдерін кеңейту және шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.
 Аталған іс-шараға оқушылар белсене қатысып, өздерінің қолөнер бұйымдарын, макеттерін және суреттерін ұсынды. Көрмеде күн жүйесінің макеттері, жасанды жер серіктерінің модельдері мен ғарыш тақырыбындағы шығармашылық жұмыстар ерекше көзге түсті.
Оқушылар өз жұмыстарын қорғап, олардың жасалу жолдары мен ғылыми негіздерін түсіндіріп берді. Бұл олардың зерттеушілік дағдыларын дамытуға және көпшілік алдында еркін сөйлеу қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік берді.
 Көрме   оқушылардың ғылымға деген ынтасын одан әрі арттыруға ықпал етті. 






Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив