02
март
2026
№58 жалпы орта білім беретін мектебінде 27.02.2026 ж «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» тақырыбындағы VIII Республикалық байқауының мектепішілік кезеңі өткізілді.
№58 жалпы орта білім беретін мектебінде 27.02.2026 ж «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» тақырыбындағы VIII Республикалық байқауының мектепішілік кезеңі өткізілді. Байқаудың мақсаты – жас мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру, шығармашылық әлеуетін дамыту және заманауи білім беру үдерісіндегі жаңашыл идеяларды қолдау.
Аталған байқауға жас ұстаздар Мырзалиева Айгерім, Исаева Меруерт, Серікұлы Нұрдос, Бейсенова Бекзада, Төрехан Мерей қатысып, өздерін таныстыру кезеңінде педагогикалық ұстанымдарын айқындап, сабақ жоспарларын жоғары деңгейде қорғап шықты. Қатысушылар тың идеяларымен, жаңашыл әдіс-тәсілдерімен және кәсіби біліктіліктерімен ерекшеленді.
Байқау қорытындысы бойынша І орынды Серікұлы Нұрдос, ІІ орын Мырзалиева Айгерім мен Бейсенова Бекзада,ІІІ орынды Төрехан Мерей мен Исаева Меруерт алды.
Жас мамандарға алдағы уақытта шығармашылық табыс, кәсіби өсу және жаңа белестерді бағындыруына тілектеспіз!