20
апрель
2026
№58 жалпы орта білім беретін мектепте 04.03.2026 ж «Пәндерді оқытуда ұлттық құндылықтарға негізделген заманауи әдіс-тәсілдер» тақырыбында қалалық тәжірибелік семинар өтті.

Семинардың негізгі мақсаты – жаратылыстану және қоғамдық бағыттағы пәндерді оқытуда ұлттық құндылықтарды негізге ала отырып, жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру және заманауи білім беру тәсілдерін тәжірибеге енгізу жолдарын қарастыру болды.
Семинар аясында биология пәнінің мұғалімі- Курымбаева Гулнара Калдарбековна 9-сынып оқушыларымен «Заманауи ауылшаруашылық технологиялары және өнімділігі жоғары ауылшаруашылықты енгізудің баламалы жолдары» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында ұлттық құндылықтар мен заманауи технологиялар өзара ұштастырылып, ауыл шаруашылығындағы инновациялық әдістер кеңінен талқыланды.
Оқушылар топтық, жұптық және жеке жұмыстар арқылы белсенділік танытып, өз ойларын еркін жеткізді. Сабақта жасанды интеллект құралдары тиімді қолданылып, білім алушылардың сыни ойлау, талдау, салыстыру дағдылары дамытылды. Функционалдық тапсырмалар арқылы теориялық білім өмірлік жағдаяттармен байланыстырылды.
Семинар қатысушылары сабақтың құрылымына, мазмұнына және заманауи әдіс-тәсілдердің ұтымды қолданылуына жоғары баға берді. Мұндай тәжірибелік алаңдар педагогтердің кәсіби дамуына серпін беріп, білім сапасын арттыруға ықпал етті.