21
апрель
2026
2026 жылдың 04 наурыз күні №58 жалпы орта білім беретін мектебінде «Пәндерді оқытуда ұлттық құндылықтарға негізделген заманауи әдіс-тәсілдер» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Семинар аясында алгебра және анализ бастамалары пәнінің мұғалімі -Пириева Гулруха Камаловна 10 «Д» сыныбында «Туындының көмегімен функцияны зерттеу және оның графигін салу» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында оқушылар туындының көмегімен функцияның қасиеттерін зерттеу алгоритмін қолдана отырып, анықталу облысын, сындық нүктелерін, өсу және кему аралықтарын, экстремум нүктелерін анықтап, функция графиктерін салды. Тапсырмалар топтық, жұптық жұмыстар арқылы орындалып, оқушылардың математикалық талдау жасау дағдылары дамытылды.
Педагог сабақ барысында ұлттық құндылықтарды пән мазмұнымен ұштастыра отырып, функцияны зерттеу алгоритмін 7 қадам арқылы түсіндірді. Бұл тәсіл қазақ халқының дүниетанымындағы киелі «жеті» санының маңызымен байланыстырыла отырып, оқушылардың ұлттық танымын қалыптастыруға бағытталды.
Сабақта қалыптастырушы бағалау жүйелі түрде жүзеге асырылып, нақты дескрипторлар қолданылды. Әрбір оқушының оқу үдерісіне белсенді қатысуына жағдай жасалып, назардан тыс қалған оқушы болған жоқ. Сонымен қатар цифрлық оқу құралдары, атап айтқанда, GeoGebra бағдарламасы тиімді қолданылып, функция графиктерін визуализациялау арқылы оқу үдерісінде оң нәтиже берді.
Сабаққа қатысқан әріптестер мен қалалық білім бөлімінің әдіскері Думчебаева Гулмира Расуловна сабақтың мазмұны мен ұйымдастырылуын жоғары деңгейде деп бағалап, оң пікір білдірді. Пириева Гулруха Камаловнаның сабағы заманауи білім беру талаптарына сай ұйымдастырылып, математиканы оқытуда ұлттық құндылықтарды тиімді кіріктірудің үлгісін көрсетті.