21
апрель
2026
2026 жылдың 04 наурыз күні №58 жалпы орта білім беретін мектебінде «Пәндерді оқытуда ұлттық құндылықтарға негізделген заманауи әдіс-тәсілдер» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.

Аталған семинардың негізгі мақсаты – білім беру үдерісінде ұлттық құндылықтарды дәріптей отырып, заманауи педагогикалық әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану тәжірибесімен бөлісу.
Семинар аясында алгебра және анализ бастамалары пәнінің мұғалімі -Раймбекова Қаламқас Мархабековна 10 «Ә» сыныбында «Тригонометриялық функциялардың туындылары» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында мұғалім заманауи оқыту әдістерін тиімді пайдаланып, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға, математикалық сауаттылығын арттыруға бағытталған түрлі тапсырмалар мен белсенді әдіс-тәсілдерді қолданды. Оқушылар сабаққа белсенді қатысып, тригонометриялық функциялардың туындыларын табу жолдарын меңгеріп, практикалық есептер шығару арқылы өз білімдерін көрсетті.
Сабақта ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында ынтымақтастық, бір-бірін қолдау, жауапкершілік сияқты тәрбиелік мәні бар элементтер қамтылып, топтық және жеке жұмыстар ұйымдастырылды. Мұғалім сабақ құрылымын жүйелі жоспарлап, оқу мақсатына сәйкес тиімді әдістерді қолдана білді.
Сабаққа қатысқан әріптестер тарапынан сабақ жоғары деңгейде бағаланып, мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісі ерекше атап өтілді. Раймбекова Қаламқас Мархабековнаның сабағы заманауи білім беру талаптарына сай ұйымдастырылып, математиканы оқытуда ұлттық құндылықтарды тиімді кіріктірудің үлгісін көрсетті .Семинар тәжірибе алмасуға, педагогтердің кәсіби дамуына оң ықпалын тигізді.