Шымкент қаласы білім басқармасының
«№58 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7252) 39-18-20
+7 (7252) 39-18-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №58 жалпы орта білім беретін мектепте 04.03.2026 ж. «Пәндерді оқытуда ұлттық құндылықтарға негізделген заманауи әдіс-тәсілдер» тақырыбында қалалық тәжірибелік семинар өтті.
20
апрель
2026

№58 жалпы орта білім беретін мектепте 04.03.2026 ж. «Пәндерді оқытуда ұлттық құндылықтарға негізделген заманауи әдіс-тәсілдер» тақырыбында қалалық тәжірибелік семинар өтті.

№58 жалпы орта білім беретін мектепте 04.03.2026 ж. «Пәндерді оқытуда ұлттық құндылықтарға негізделген заманауи әдіс-тәсілдер» тақырыбында қалалық тәжірибелік семинар өтті.
Семинардың негізгі мақсаты – жаратылыстану пәндерін оқытуда ұлттық құндылықтарды негізге ала отырып, заманауи білім беру технологияларын тиімді қолдану, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру және инновациялық әдіс-тәсілдерді тәжірибеге енгізу жолдарын қарастыру болды.
Семинар барысында физика пәнінің мұғалімі- Муратова Алия Сапаралиевна 7-сынып оқушыларымен «Денелердің жүзу шарты» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында Архимед заңы негізінде денелердің сұйықта жүзу, бату және қалқу шарттары тәжірибелер арқылы түсіндірілді. Оқушылар суға әр түрлі денелерді салып, олардың тығыздығын салыстыру арқылы қорытынды жасады.
Сабақта ұлттық құндылықтар мен заманауи технологиялар ұштастырылып, күнделікті өмірмен байланысты мысалдар (қазақтың дәстүрлі қайықтары, тұрмыста қолданылатын заттар) арқылы тақырыптың маңыздылығы ашылды. Сонымен қатар, жасанды интеллект құралдары мен цифрлық платформалар қолданылып, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артып, талдау және зерттеушілік дағдылары дамытылды.
Оқушылар топтық, жұптық және жеке жұмыстар орындап, тәжірибелік тапсырмалар арқылы теориялық білімдерін бекітті. Функционалдық тапсырмалар арқылы жаңа сабақтан алған білімдерін өмірлік жағдайлармен байланыстырылды.
Семинар қатысушылары сабақтың оқу мақсатына сәйкестігі  мен мазмұнына, ұлттық құндылықтарды физика сабағында тиімді қолданылуына жоғары баға берді. Мұндай тәжірибелік алаңдар жаңашылдықтың бастау көзі,кәсіби дамудың тірегі және сапалы білім берудің кепілі. 






Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив