01
июнь
2026
№58 жалпы орта білім беретін мектебінде «Математика және физика – нақты ойдың кілті» тақырыбында математика-физика пәндері онкүндігі өткізілуде.

Осы онкүндік аясында 22.04.2026ж күні 10-сынып оқушылары арасында «Математикалық регата» тақырыбында сайыс өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту және жылдам әрі дұрыс шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру.
Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды: Қатысушылар әртүрлі деңгейдегі есептерді топпен бірлесе отырып шешті;
* Логикалық тапсырмалар арқылы тапқырлықтары сыналды;
* Уақытқа берілген күрделі есептерде жылдамдық пен дәлдік қатар бағаланды. Қорытындылай келе, оқушылар белсенділік танытып, өз білімдері мен шапшаңдықтарын көрсете білді. Сайыс барысында командалық жұмыс пен өзара қолдау ерекше байқалды.
Сайыс нәтижесі бойынша жеңімпаз топтар анықталып, марапатталды. Пән мұғалімдері: Зулпыхарова К, Пириева Г, Жанисбаева А